Әлем

Түркияда коронавирусқа байланысты темекі тартуға тыйым салынды

© AFP 2024 / Ozan KoseСтамбул, маска киген адамдар
Стамбул, маска киген адамдар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Түркияда 400 мыңнан астам адам індетке шалдықты, он бір мыңы қайтыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Түркияда адам көп жүретін көшелер мен аялдамаларда шылым шегуге тыйым салынды, деп хабарлайды РИА Новости.

"Бұған дейін азаматтар барлық қоғамдық орында бетперде тағуға міндеттелген еді. Бірақ, темекі шеккен кезде адамдар маскасын шешеді, төмен түсіре салады, яғни дұрыс пайдаланбайды. Осыған байланысты 12 қарашадан бастап барлық провинцияда адам көп жүретін көшелер мен қоғамдық көлік аялдамаларында темекі тартуға тыйым салынды", - делінген Түркия ішкі істер министрлігінің хабарламасында.

Билік "вирус ағзаға тыныс алу жолдары арқылы кіретіндіктен, бетпердені үнемі тағып жүру қажет" екенін ескертті.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа Түркияда пандемия екінші шарықтау шегіне жеткенін мәлімдеді. Сәрсенбі күні 2693 адамда коронавирус диагнозы анықталған,бұл 29 сәуірден бергі ең жоғары көрсеткіш.

Індетке шалдыққандардың жалпы саны 400 мыңнан асты, 11 мың науқас қайтыс болды.

Жаңалықтар
0