Қоғам

"Егемен Қазақстан" мен "Казахстанская правда" газеті бірігетін болды

CC0 / maxmann / Очки и газеты
Очки и газеты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республикалық "Егемен Қазақстан" газеті "Қазақ газеттері" ЖШС құрамына кіру арқылы қайта құрылады

НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша – Sputnik. Қазақстан үкіметінің 2020 жылғы 7 қарашадағы "Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" қаулысына орай, елдегі кейбір басылымдарда қайта құрылымдау жүргізілетін болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Атап айтқанда, "Республиканская газета "Казахстанская правда" басылымын "Егемен Қазақстан" республикалық газеті" АҚ құрамына кіргізу арқылы қайта құру жөнінде шешім қабылданды.

"Осы қаулының 1-тармағында көзделген іс-шараларға сәйкес, "Республикалық "Егемен Қазақстан" газеті" акционерлік қоғамы қайта құрылып, "Республикалық "Егемен Қазақстан" газеті" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне айналады", – делінген құжатта.

Сондай-ақ, "Қазақ газеттері" ЖШС-і құрамына "Республикалық "Егемен Қазақстан" газеті" ЖШС-ін кіріктіру арқылы қайта құрылады.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысында жаңа қазақ әліпбиіндегі алғашқы газет жарық көрді

Серіктестік қызметінің негізгі бағыты – Қазақстан Республикасының рухани-адамгершілік құндылықтарына, саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысты ақпараттар мен материалдарды жинау, өңдеу және тарату болып табылады", – деп атап көрсетілген қаулыда.

Жаңалықтар
0