Қоғам

Танымал тележүргізуші Назарбаевтың орынбасары болып тағайындалды

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ассамблея мүшелеріне Майя Бекбаеваны өзінің жаңа орынбасары ретінде таныстырды

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен қазақстандық тележүргізуші, журналист Майя Бекбаева Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

ҚХА төрағасының тағы бір орынбасары болып Закиржан Кузиев тағайындалды. Тиісті өкімге ел президенті қол қойды.

Тұңғыш президент, ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев та ассамблея кеңесінің отырысында өзінің жаңа орынбасарларын таныстырған болатын.

Сондай-ақ, мемлекет басшысының өкімдерімен Юсуп Келигов және Шерзод Пулатов Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметінен босатылды.

Тағы оқыңыз: Назарбаев қазақ тіліне қатысты тапсырма берді

Майя Бекбаева – 41 жаста, қазір Kazakh TV телеарнасының бас директоры қызметін атқарады. Бұған дейін "Хабар" телеарнасында "Тайны. Судьбы. Имена" деректі фильмдер циклінің авторы және жүргізушісі болды.

Закиржан Кузиев – 51 жаста, "Жаркент крахмал-сірне зауыты" ЖШС құрылтайшысы.

Жаңалықтар
0