НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Қызылорда облысында соңғы аптада коронавирус инфекциясы тіркелмеді. Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, карантин шараларын жеңілдету туралы шешім қабылданды.
Осылайша, 300 оқушыға дейінгі шағын жинақты мектептерде, ата-аналардың қалауы бойынша қарапайым мектептердегі кезекші сыныптарда 1-ден 5-ке дейінгі және халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпқа дейінгі оқушыларға дәстүрлі форматта оқуға рұқсат етілді. Алайда сыныптағы баланың саны 15-тен аспауы тиіс.
Сондай-ақ театрларға залды 50%-ке дейін толтырып, бірақ 100 адамнан асырмай жұмыс істеуге рұқсат берілді.
Оқи отырыңыз: Қостанай облысында шектеу шаралары күшейтілді
Діни орындарда залды 30%-ке дейін толтырып, бірақ 100 адамнан асырмай құлшылық жасауға болады (жұма намазын қоспағанда).
Пандемия басталғаннан бері Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған 3262 науқас анықталды.