Аңдатпа

Қазақстанда 12 қарашада қандай маңызды оқиғалар болады

© Photo : пресс-служба "Астана Балет"Спектакль "Легенда о любви" в постановке Юрия Григоровича
Спектакль Легенда о любви в постановке Юрия Григоровича  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 12-20 қараша аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

12 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

12.30 - Мемлекет басшысының жолдауы аясындағы аумақтық даму мәселесіне арналған онлайн-брифинг. Спикер: Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек. Сілтеме: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

19.00 – Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры Александр Островскийдің драмасы негізінде "Найзағай" спектаклін қояды (Желтоқсан көшесі, 11, 13). 

13 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Баспа, радио, интернет журналистика саласындағы "Үркер" ұлттық сыйлығының лауреаттарын марапаттау салтанаты. Байқаудың мақсаты – талантты журналистер мен шығармашылық ұжымдарды анықтау.  "Үркер" сыйлығын алуға өтінімдер 2 қарашаға дейін қабылданады. Байқау жұмыстарын тәуелсіз әділ қазылар алқасы қарап, баға береді. Оның құрамына белгілі журналистер, осы саланың еңбек сіңірген қайраткерлері және биыл алғаш рет халықаралық медиа сарапшылар кіріп отыр. Осы жылы 11 номинация бойынша ақпарат саласының үздіктері анықталады. Шара онлайн форматта өтеді. Конкурс қорытындысы бойынша әр номинацияның жеңімпазына "Үркер-2020" естелік мүсіні мен 1 000 000 теңге ақшалай сыйақы беріледі.

14.00 – "Қазақстандағы жыныстық қысым үшін жауапкершілік" онлайн-конференциясы. Спикер ретінде Анастасия Миллер, Снежана Ким, Халида Әжіғұлова, Жангелді Сүлейманов сынды белгілі заңгерлер мен блогерлер қатысады. Олар білім беру, медициналық және мемлекеттік мекемелердегі, сондай-ақ корпоративтік сектордағы, қоғамдық орындардағы және тіпті отбасындағы жыныстық қысым туралы әңгімелейді. Сарапшылар әр жағдайға құқықтық баға беріп, елдегі жыныстық қысымның алдын-алу бойынша Қазақстан үкіметі мен парламентіне ұсыныстар жасайды (тікелей көрсетілім құқықтық саясатты зерттеу орталығының Facebook пен YouTube ресми парақшасында жүргізіледі).

Алматы

10.00 – "Герой локации" жарысы. Шараға 18 жастан асқан әуесқой спортшылар қатыса алады. 4 шақырымдық қашықтыққа жүгіру тұңғыш президент саябағында өтеді (тіркелу мына сілтеме бойынша).

14.00 – "Абай – халық даналығы" көрмесінің салтанатты ашылуы (жабық вернисаж). Экспозицияда Абайдың бейнесі мен шығармашылығына арналған әр кезеңдегі суретшілердің 70-тен астам картиналары, графикалық, мүсіндік жұмыстары ұсынылған. Бұл шығармаларда өткен ғасыр мен қазіргі заман шеберлері Абай бейнесін, оның ұлылығын бейнелейді. (Қастеев атындағы мемлекеттік музей (кіру шақыру бойынша).

14 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 – "Kolesa Conf 2020" онлайн-конференциясы. ТМД және Қазақстан спикерлері бес өзекті IT бағытты ұсынады: Web, iOS, Android, Management, Data scienc (тіркелу мына сілтеме бойынша).

14.00 – "Ұлттық валюта күні – теңге" онлайн-экскурсиясы (Ұлттық музейдің Instagram мен Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфир жүргізіледі).

Нұр-Сұлтан

15.00 – Booktime кітап клубында кітап алмасу (Құдайбердіұлы даңғылы, 25/3).

18.00 – "Евгений Онегин" операсы ("Астана Опера" театры).

17 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Бірінші Еуразиялық ивент форумы туралы онлайн-конференция (тіркелу үшін +7 (777) 364 19 33 телефоны).

20 ҚАРАШАҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Бірінші еуразиялық ивент форум. Талқыланатын негізгі мәселелер: пандемия кезінде мәдени және іс-шаралар индустриясын дамыту мәселелері; дағдарыс жағдайында тұтынушымен тиімді байланыс; іс-шаралардың жаңа форматтары; кәсіпқойлардың желілік іскерлік жағдайлары мен гибридті оқиғаларының сәтті тәжірибесі; әртүрлі деңгейдегі іс-шараларды ұйымдастырудың жаңа мүмкіндіктері мен ресурстары; түрлі елдерде саланы мемлекет тарапынан қаржылық қолдау тәсілдері (тіркелу +7 777 364 19 33 нөмірі бойынша).

Нұр-Сұлтан

19.00 – "Примадонны" спектаклі, Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Желтоқсан көшесі, 11, 13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0