НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша — Sputnik. Ассамблея кеңесінің отырысын өтетінін Елбасының баспасөз хатшысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Бүгін бейнебайланыс форматында Қазақстанның тұңғыш президенті төрағалығымен Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің отырысы өтеді", - деп жазды ол Twitter-де.
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының президентінің жарлығымен құрылған мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.
Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады.
Елбасы ассамблеяға өмір бойына төрағалық ету құқығына ие.