Видео

Қарабақтағы бітімгершілік: Әзербайжан, Армения және Ресей қандай келісімге келді?

Жазылу
Әзербайжан, Армения және Ресей басшылары Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты уағдаластыққа қол жеткізді

Владимир Путин жариялаған бірлескен мәлімдемеде тараптардың 2020 жылдың 10 қарашасында Мәскеу уақытымен сағат 00:00-де әскери қақтығыс пен соғыс өртін толықтай тоқтату туралы келісімге келгені айтылады.

Армения мен Әзербайжан өздерінің қазіргі позицияларында тоқтайды, ал мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасына ресейлік бітімгершілік құрылымдар кіргізіледі. Олар Таулы Қарабақтағы байланыс сызығы мен Таулы Қарабақ пен Арменияны біріктіретін дәліз бойында орналасады. Сондай-ақ, Армения Әзербайжанға Кельбаджар, Лачин және Агдам аудандарын қайтарып беруі тиіс.

Таулы Қарабақтағы жағдай осы жылдың қыркүйегінде шиеленісе түсті. Ереван мен Баку бір-бірін қақтығысты ушықтырды айыптады. Бұған дейін тараптар арасындағы бітімгершілік әрекеттері сәтсіз аяқталған еді.

Жаңалықтар
0