Экономика

Қазақстан мен Ресей есеп айырысу кезінде ұлттық валютаны қолдану мәселесін талқылады

© Sputnik / Абзал КалиевАлихан Смаилов
Алихан Смаилов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары республика Қазақстан-Ресей диалогы мәселелері бойынша өзара тиімді және жемісті ынтымақтастық орнатуды көздейтінін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысына қатысушылар өзара есеп айырысу кезінде ұлттық валюталарды қолдану мүмкіндігін талқылады.

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары баспасөз қызметінің хабарлауынша, отырыс онлайн режимде Қазақстан үкімет басшысының бірінші орынбасары Әлихан Смайылов пен Ресей премьер-министрінің орынбасары Алексей Оверчуктің төрағалығымен өтті.  

"Отырыс аясында ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 22-ші отырысының қатысушылары өзара сауда-саттық кезінде есеп айырысуда Қазақстан теңгесі мен Ресей рублін қолдануды кеңейту мүмкіндігін, ұлттық теміржол компанияларының өзара әрекеттесу мәселелерін, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ынтымақтастықты талқылады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.  

Сондай-ақ, тараптар халықтың санитарлық-эпидемиялық саламаттылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар мониторинг жүйесін нығайту және осы саладағы төтенше жағдайларға жедел ден қою саласындағы ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.

"Қазақстан өзара тиімді және жемісті ынтымақтастық орнатуды көздейтінін, Қазақстан-Ресей диалогын нығайту және одан әрі кеңейту үшін барлық күш-жігерді жұмсауға дайын екенін мәлімдеймін", - деді Әлихан Смайылов отырыс барысында.

Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі болып қала беретіні аталып өтті. Қазіргі уақытта республикада төрт мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Кездесуге қатысушылар акциздерді қолдану, ҚҚС-ті қайтару және қазақстандық көмірді Украина аумағына транзитпен жеткізуге қатысты бірқатар даулы мәселені де қозғады. Сондай-ақ, Қазақстан-Ресей шекарасындағы өткізу пункттері бойынша бірлескен іс-әрекеттер бағдарламасының орындалу деңгейі тексерілді.   

Жаңалықтар
0