Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан әкімі астаналықтарға үндеу жасады

© Sputnik / Абзал КалиевОсень в Нур-Султане виды города
Осень в Нур-Султане виды города  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала жабылмауы үшін әр тұрғын жағдайдың қаншалықты ауыр екенін түсінуі керек, деп атап өтті Көлгінов

НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов COVID-19 індетін жұқтыру жағдайларының көбеюіне байланысты елордалықтарға үндеу жасады.

Әкім Instagram-дағы парақшасында қала "сары" аймаққа өткендіктен, қазіргі кезеңде карантинді жеңілдету туралы мәселе көтерілмейтінін жазды.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысында шектеу шаралары күшейтілді    

"Шағын және орта бизнес нысандары кезек-кезекпен жұмысын тоқтатып, қала аумағы бойынша блок бекеттер орнатылып, қала жабылмауы үшін әр тұрғын жағдайдың қаншалықты ауыр екенін түсінуі керек", - деп атап өтті Көлгінов.  

Қала басшысы жедел штаб отырысында негізгі мәселелер қаралғанын мәлімдеді.

"Бірінші. Полиция қызметкерлері мен санитар дәрігерлер рейдтерді күшейтуге және карантинді бұзу фактілерін анықтауға көшті. Бұл санитария ережелерін сақтамай, бүкіл қаланың өміріне қауіп төндіретін немқұрайлы кәсіпкерлер үшін сигнал болуы шарт.

Түнде ойын-сауық мекемелерінде жүрген ереже бұзған азаматтар әсіресе егде жастағы тұрғындардың денсаулығына қаншалықты кері әсерін тигізіп жатқандарын әлі түсінбей келеді.

Екінші. Медицина мекемелері қосымша жабдықтармен, қорғаныс құралдарымен, дәрі-дәрмектермен және т.б. жабдықталған. Материалдық-техникалық база дайын, бірақ бір мезетте жағдай ушығып кетсе дәрігерлер барлық науқасқа жетпейді.

Үшінші. ПТР-зерттеумен көбірек қамту үшін көпбейінді қалалық ауруханалардың қабылдау бөлмелерінде және стационарлардың акушерлік блоктарында изотермиялық шағын-зертханалар ашылды. Бұл шұғыл түрде түскен пациенттер арасында коронавирустық инфекция тасымалдаушыларын анықтауға және уақтылы ем көрсетуге мүмкіндік береді.

Төртінші. КВИ-ға биоматериал алу зертханаларының саны 15-ке дейін артты. Зертханалар тәулігіне 10 мыңнан астам зерттеу жасай алады.

Бесінші. Қалалықтарға қызмет көрсететін автобус парктері, шаһарды санитарлық тазалаумен және абаттандырумен айналысатын коммуналдық кәсіпорындар, сондай-ақ қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін маңызды нысандар (ЖЭО, Астана су арнасы, Астана-АЭК және т.б.) ерекше бақылауға алынды. Қызметкерлер жиі тексеріледі", - деп жазды ол.

Жаңалықтар
0