Өңірлер

Талғарда жеке тұрғын үйде үш адам көз жұмды

© Sputnik / Александр Кожохин Архивное фото пожарных рукавов на пожарной машине
 Архивное фото пожарных рукавов на пожарной машине - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт 40 шаршы метрге шарпыды. Жалынды сөндіру кезінде үйінді арасынан 2012, 2001 және 1976 жылдары туған үш адамның денесі табылды

 

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Алматы облысының Талғар қаласында жеке тұрғын үйден шыққан өрттен үш адам көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.  

Трагедия 10 қарашаға қараған түні болған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде тұрғын үйдің толығымен өртке оранғанын, үй төбесінің жабындысы құлағанын көрген.

Таразда ер адам әжесі мен әкесін құтқарамын деп өзі де көз жұмды 

Өртті сөндіру кезінде үйінді арасынан 2012, 2001 және 1976 жылдары туған үш адамның денесі табылды. Ведомство үй иесі мен оның екі баласы көз жұмғанын хабарлады.  

Өрт сағат 04.50-де толығымен сөндірілді. Тілсіз жау 40 шаршы метрге шарпыды. Өрттің себебі анықталып жатыр.  

Жаңалықтар
0