Саясат

ШЫҰ басшылары саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылдады

© Sputnik / Владислав ВодневВице-министр экологии Ахметжан Примкулов
Вице-министр экологии Ахметжан Примкулов  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Мәскеу декларациясы қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша — Sputnik. Шанхай ынтымақтастық ұйымының басшылары саммит қорытындысы бойынша бірқатар құжат қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекеттер басшылары кеңесінің Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асырудың 2021-2025 жылдар аралығындағы іс-қимыл жоспарын бекіту туралы шешімі қабылданған құжаттар қатарында.

Тізімде цифрлық дәуір кезіндегі шалғай және ауылдық аймақтарды дамыту жөніндегі тұжырымдамасының шешімі, эпидемиялық қауіп-қатерге қарсы іс-қимылдың бірлескен кешенді жоспары бар.

Біріккен ұлттар ұйымының Азия-Тынық мұхиты аймағы үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы хатшылығымен өзара түсіністік жөніндегі меморандумына қол қою туралы шешімі де қабылданды.

Қабылданған шешімдер тізімі:

  • Ұйым хатшылығы және Еуразия экономикалық комиссиясымен өзара түсіністік жөніндегі меморандумына қол қою туралы; 
  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен өзара түсіністік жөніндегі меморандумына қол қою туралы;
  • Шанхай ынтымақтастық ұйымының мәдени интеграциялық орталығы туралы;
  • ШЫҰ Бас хатшысының Шанхай ынтымақтастық ұйымының өткен жылғы қызметі жөніндегі баяндамасы туралы;
  • Аймақтық антитеррористік құрылымының 2019 жылғы қызметі жөніндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының Аймақтық антитеррористік құрылымы кеңесінің баяндамасы туралы шешімі.

Сондай-ақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 75 жылдығына байланысты мәлімдемесі қабылданды. 

Мәлімдемелердің толық тізімі Ақорда сайтында жарияланды.

Жаңалықтар
0