Қоғам

Төрт ай болды: алматылық маусымнан бері коронавируспен ауырып жатыр

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуЛекарственные препараты и градусник для измерения температуры
Лекарственные препараты и градусник для измерения температуры - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өзінің №65 жаңа қаулысын түсіндіріп, мегаполистегі коронавирусқа байланысты жағдай туралы айтты

АЛМАТЫ, 10 қараша — Sputnik. Алматыда коронавируспен ұзақ ауырып жатқан науқас тіркелді. Мегаполис тұрғыны маусым айында COVID-19 жұқтырған, әлі жазылған жоқ, деді қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.

"Әйел маусым айында коронавирусқа тест тапсырған, нәтижесі оң болып шықты. Тамыз айында да дәл осындай жағдай қайталанды. Кейін оның жағдайы біршама жақсарып, үй карантиніне жіберілді.Тест нәтижесі оң көрсетті, бірақ дерт симптомы болған жоқ", - деді Бекшин Алматы кәсіпкерлер палатасында өткен брифингте.

Пациент қазан айының соңында тағы да тест тапсырған. Клиникалық белгілері жоқ коронавирус анықталды.

Жандарбек Бекшин алматылықтардың коронавирус жұқтыруының негізгі себептерін атады. 10 қазан - 9 қараша аралығында індетке шалдыққандардың 44%-і (192 адам) жұмыста жұқтырған. 129 адам қоғамдық орын мен көлікте коронавирусқа шалдықты. Алматылықтардың 18 проценті лифт пен үйдің кіреберісінде вирус жұқтырған. Сондай-ақ, 39 адам шетелде жұқтырып келген.

Карантин шаралары жеңілдетілді

Жаңа қаулыға сәйкес, Алматыда 300 оқушыға дейінгі мектептерге ашылуыға рұқсат берілді. 1-5 сыныпға дейін, халықаралық мектептерде 1-7 сыныптарға дейін оқуға баруға болады. Ата-ананың алдын ала өтініші керек.

Театрларға 100 адамға дейін жұмыс істеуге рұқсат етілді (сыйымдылығының 50%-і).

Жұма намаздан бөлек, діни шараларға рұқсат берілді (сыйымдылығының 30 проценті, 100 адамнан көп емес).

19-30  қараша аралығында Медеу және 16-30 қараша аралығында Шымбұлақ тест режимінде жұмыс істейтін болады, адам санына шектеу бар.

Жаңалықтар
0