Оқиға

Шығыс Қазақстанда зорлау ісіне күдікті адам балконнан құлап мерт болды

© Sputnik / Алексей МальгавкоАрхивное фото многоэтажного дома
Архивное фото многоэтажного дома - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі кезде күдіктінің пәтерде істеген әрекеті мен оқиғаның басқа да мән-жайын арнайы құрылған комиссия тексеріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында қыз зорлауға қатысы бар болуы мүмкін деп күдікке ілінген адам бесінші қабаттан құлап, қайтыс болды. Облыстық өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Төтенше жағдай 7 қарашада болды, деп хабарлайды yk-news.kz порталы.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Елдос Закимовтың айтуынша, 42 жастағы ер адам үйдің бесінші қабатынан құлап, дене жарақатымен Аягөз аудандық ауруханасына жеткізілген. Кейін ол қайтыс болды.

"Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша, марқұмның денесінде құлау сипаттамасынан басқа дене жарақаттары анықталмады", – деді Закимов.

Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, марқұм екінші топтағы мүгедек қызды зорлау фактісі бойынша күдікке ілінген. Сонымен қатар, күдікті құлаған пәтер аудандық полиция бөлімі қызметкерінің ата-анасына тиесілі екені анықталды.

Оқи отырыңыз: Алматыда күдікті жауап алғаннан кейін терезеден секіріп көз жұмды

Қазіргі кезде күдіктінің сол пәтерде істеген әрекеті мен оқиғаның басқа да мән-жайы арнайы құрылған комиссия тарапынан тексеріліп жатыр. Сондай-ақ, өзіндік қауіпсіздік басқармасында сотқа дейінгі тергеу басталып, процессуалдық прокурор тағайындалды.

Жаңалықтар
0