Оқиға

Павлодарда сауда үйінде болған оқиғаның видеосы тарады 

© REUTERS / Eduardo MunozТелефоны Samsung Galaxy Note 10 на презентации в Барклайс-Центре в Бруклине, Нью-Йорк
Телефоны Samsung Galaxy Note 10 на презентации в Барклайс-Центре в Бруклине, Нью-Йорк - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сауда үйінде болған оқиғаға дейін 20 минут бұрын полицияға әйел хабарласып, ауырып жүрген баласының үйден қашып кеткенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Павлодар қаласының тұрғыны "Технодом" сауда үйінде тұрған бірнеше ұялы телефонды сындырып тастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 28 жастағы ер адам Лермонтов көшесінде орналасқан сауда үйіне кіріп, сөреде дабыл сымына қосылып тұрған бірнеше ұялы телефонда жұлып алды. Одан кейін жерге лақтырып жіберген. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

Әлеуметтік желіде бейнебақылау камерасына жазылған видео тарап кетті. Одан қара күрте киген жігіттің ұялы телефондарды лақтырып жүргенін көруге болады. Қызметкерлер оны тоқтатты, ал сары форма киген бір жігіт тәртіп бұзушыны теуіп жүр.

Сауда үйінің қызметкерлері полиция шақырған. Құқық қорғаушылар ер адамның алдымен күзетшілермен ерегіскенін анықтады. Одан кейін ұялы телефондардың быт-шытын шығарған. 

"Тексеру кезінде ер адамның психикалық ауруға шалдыққаны және есепте тұрғаны анықталды. Сауда үйінде болған оқиғаға дейін 20 минут бұрын полицияға анасы хабарласып, ауырып жүрген баласының үйден қашып кеткенін айтты", - дейді полицейлер.  

Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері оны ауруханаға емдеу курсынан өткізу үшін жатқызды.

Жаңалықтар
0