Экономика

Мамин министрлер мен әкімдерге тапсырма берді

© Sputnik / Владислав ВодневПремьер-министр Аскар Мамин
Премьер-министр Аскар Мамин  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер жыл соңына дейін басталған жобаларды аяқтап, жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин министрлер мен әкімдерге бюджет қаржысын жыл соңына дейін толығымен игеруді, жоспарланған көрсеткіштерді орындауды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Премьер-министр қаржы министрлігіне өңірлермен бірлесіп республикалық бюджеттің кіріс бөлігіне қатысты жоспарының орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

"Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен әкімдіктер бюджет қаражатын толығымен және тиімді игеріп, жыл соңына дейін басталған жобаларды аяқтап, жоспарланған көрсеткіштерді орындауы тиіс", - деді Мамин үкімет отырысында.

Айтуынша, он айдың қорытындысы бойынша экономиканың нақты секторы өсудің оң қарқынын көрсетіп отыр. Дегенмен ОПЕК+ келісімдерін орындау қажеттілігіне байланысты мұнай өндіру көлемі (-4,3%) азайған.

"Карантин шараларының күшеюі қызмет көрсету саласына әсер етіп отыр (-6,1%), әйтсе де, бұл көрсеткіштердің де тұрақтала бастағанын көріп отырмыз", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Жамаубаев мемлекет қаржысын игермеген министрліктерді атады 

2020 жылдың қаңтар-қазаны аралығында 9 өңір 5 негізгі көрсеткіш бойынша әлеуметтік-экономикалық өсімді қамтамасыз етті. Олар: Ақмола, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Шымкент қаласы.

5 өңірде төрт көрсеткіш бойынша оң динамика байқалады. Олар: Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.

Мамин өңір басшыларына жоспарланған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу және президент белгілеген міндеттерді іске асыру үшін барлық шараны қабылдауды тапсырды.

Жаңалықтар
0