Экономика

Досаев алтын-валюта резервтері неге төмендегенін түсіндірді

© Sputnik / Болат ШайхиновЕрболат Досаев
Ерболат Досаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазанда Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері мемлекеттік борышты төлеу және интервенция жүргізу есебінен 200 миллион долларға азайды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері мемлекеттік қарызды төлеу және интервенция жүргізу есебінен қазанда 200 миллион долларға төмендеді. Бұл туралы ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алдын ала деректер бойынша қазанда Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері, көбінесе, мемлекеттік борышты төлеу және интервенция жүргізу есебінен 200 миллион АҚШ долларына, 33,6 миллиард АҚШ долларына дейін төмендеді", - деді Досаев үкімет отырысында.

Ал, Ұлттық қордың активтері, айтуынша, республикалық бюджетке 230 миллиард теңге кепілдік берілген трансфертті бөлу, сондай-ақ, пандемияның қайталану тәуекелдерін іске асыруға байланысты қаржы нарықтарындағы теріс түзетулер есебінен бір айда 1 миллиард долларға (-1,7%) қысқарып, 56,3 миллиард долларды құрады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жыл басынан бері ЖІӨ 2,9%-ке төмендеді 

"Қазандағы теріс мәнге қарамастан, 2020 жылдың басынан бері инвестициялық кіріс шамамен 950 миллион АҚШ долларын құрады", - деді ол.

Қазан айының соңында Қазақстанның халықаралық резервтері, алдын ала деректер бойынша, бір айда 1,3%-ке азайып, 89,9 миллиард АҚШ долларын құрады.

Жаңалықтар
0