НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша – Sputnik. Ресейлік Ми-24 тікұшағы Армения аумағының әуе кеңістігінде, ұрыс аймағынан тыс жерде атып түсірілді, деп хабарлады РИА Новости.
Экипаждың екі мүшесі қаза болды, біреуі орташа жарақатпен эвакуацияланды.
Оқи отырыңыз: Қарабақта бейбітшілік орнату туралы мәлімдемеге қол қойылды
Оқиғаның жауапкершілігін Әзербайжан өз мойнына алып, кінәлілерді жазалауға уәде берді.
Әзербайжан президентінің баспасөз қызметі Ильхам Әлиев өзінің ресейлік әріптесі Владимир Путинге қоңырау шалып, әскери тікұшақты қателесіп атып түсіргені үшін кешірім сұрағанын хабарлады.
"Президент Ильхам Әлиев әскерилер түнгі уақытта бұл тікұшақты Армения Әскери-әуе күштерінің тікұшағы деп қателескенін атап өтіп, кездейсоқ қайғылы оқиға үшін кешірім сұрады", - деп хабарлады Әлиевтің баспасөз қызметі.
Әзербайжан басшысы қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, жарақат алған ұшқышқа тезірек сауығып кетуін тіледі.
Ол сондай-ақ Әзербайжан тарапының қаза тапқандардың отбасыларына және жарақат алған ұшқышқа өтемақы төлеуге дайын екендігін білдірді.
Путин мұндай оқиғаларға жол беруге болмайтынын айтып, телефон соққаны үшін президент Ильхам Әлиевке алғыс білдірді.