Әлем

ДДҰ пандемия төтенше жағдай шеңберінен шығып кеткенін мәлімдеді

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуГоспиталь
Госпиталь  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұйым басшысы пандемия өзге инфекциялық аурулармен күресу жұмысына кері әсерін тигізіп жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша - Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус коронавирусқа байланысты жағдай ушыға түскенін мәлімдеді. 

"Біз денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай кезінде адамдарды қорғауға мән беріп отырмыз. Алайда COVID-19 пандемиясы төтенше жағдай шеңберінен шығып кетті", — деді ол Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-ші сессиясында.

Ұйым басшысы пандемия өзге инфекциялық аурулармен күресу жұмысына кері әсерін тигізіп жатқанын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Сондай-ақ, Гебрейесус COVID-19-қа қарсы вакцинаны "жеке шикізаттық тауар емес, жаһандық игілік" ретінде қарастыру керек деп отыр.

Пандемия әлемді жайлап кетті. 50 миллион адам індет жұқтырып, 1,2 миллион адам қайтыс болды. Әлем бойынша АҚШ, Үндістан және Бразилияда тіркелген науқастар саны көп.

Жаңалықтар
0