Қоғам

Қазақстанда коронавирусқа байланысты пойыз қозғалысына өзгеріс енгізілді

Жазылу
Жолаушыларды күтіп алушылар мен шығарып салушыларға теміржол вокзалының ғимаратына кіруге тыйым салынады

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында COVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

Ведомствоаралық коммиссияның шешімі мен индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хатына сәйкес, бірнеше жолаушылар пойызының жол жүру жиілігі қысқарды.

9 қарашадан бастап №705/706 "Алматы-Петропавл" пойызы күнара қатынаса, №31/32 "Павлодар – Алматы" пойызы белгіленген күндерде ғана жүреді.

Сондай-ақ, мына облыстарда барлық стансаға билет сатуға және жолаушыларды отырғызуға/түсіруге уақытша тыйым салынды:

  • Ақмола облысында 1, 2 және 3-сыныпты вокзалдар орналасқан Атбасар, Ерейментау, Аршалы, Бурабай, Есіл, Макинка, Ақкөл, Жалтыр және Көкшетау стансаларын қоспағанда;
  • Павлодар облысында Павлодар, Екібастұз, Ақсу-2 және Бозшакөл стансаларын қоспағанда;
  • Қостанай облысында Қостанай, Тобыл, Құсмұрын, Есіл, Арқалық және Железорудная стансаларын қоспағанда;
  • Солтүстік Қазақстан облысында барлық стансада транзиттік пойыздардың тоқтауына, яғни жолаушыларды отырғызуға/түсіруге тыйым салынады.

Сондай-ақ, жыл соңына дейін № 68/67 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Өскемен-1" пойызы аптасына бір рет, ал № 351/352 "Алматы-2 – Өскемен-1" пойызы күнара қатынайтын болады.

ПТР-анықтама талап етіледі

Петропавл стансасынан жолға шығатын жолаушылардан коронавирус жұқтырмағаны туралы ПТР-анықтама талап етіледі. Анықтама мерзімі үш күннен асып кетпеуі тиіс.

Тағы оқыңыз: Шығыс Қазақстан облысынан 900-ге жуық адам шыға алмай қалды

Тестілеуден өтпеген жолаушылар вагонға кіргізілмейді.

Сонымен қатар, күтіп алушылар мен шығарып салушыларға теміржол вокзалының ғимаратына кіруге тыйым салынады.

Бұған дейін алған билеттері жарамсыз болып қалған, сондай-ақ, COVID-19-ға ПТР тестілеуден өткені туралы анықтамасы жоқ жолаушылар билетті өткізіп, ақшасын толық көлемде қайтара алады.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне қатысты барлық ақпаратты "105" нөміріне хабарласып білуге болады.

Жаңалықтар
0