Өңірлер

Коронавирустың "қызыл зонасына" екі облыс кірді – үкімет басшысы тапсырма берді

© Photo : департамент полиции Северо-Казахстанской областиБлокпост в Северо-Казахстанской области
Блокпост в Северо-Казахстанской области - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ішкі істер министрлігіне шектеу шараларын бақылайтын мониторингтік топтардың жұмысын күшейту тапсырылды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады үкіметтің ресми сайты

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде барлық өңірде COVID-19-ды жұқтыру жағдайлары артып отыр. Вирустың репродуктивтік индексі, яғни, бір адамнан таралу көрсеткіші 1,2 құрады. Стационарларда инфекциялық төсек орындарының 21 проценті, ал реанимациялық төсек орындарының 17 проценті бос емес. 

"Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары — қызыл аймақта, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары — сары аймақта. Премьер-министр қызыл және сары аймақтардағы өңірлердің әкімдеріне жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қабылдап, мәселені ерекше бақылауда ұстауды тапсырды", - делінген ресми хабарламада. 

Бұдан бөлек, денсаулық сақтау министрлігі орталық және өңірлік деңгейде барлық медициналық қызметтерді науқастардың ықтимал өсу жағдайына толық дайындап қоюы тиіс. Сосын шекара қызметімен бірлесіп, шетелдіктерге Қазақстанға кіру үшін берілетін денсаулық сақтау ұйымдарының шақыру құжаттарына бақылауды күшейтуі керек. 

Ал әділет министрлігі мен әкімдіктер ел аумағында емделу үшін шетел азаматтарына шақыру беретін денсаулық сақтау ұйымдарының тізімін жасап шығады. Ішкі істер министрлігіне шектеу шараларын бақылайтын мониторингтік топтардың жұмысын күшейту тапсырылды.

Жаңалықтар
0