Өңірлер

Әкім Қарағанды облысының жабылатыны туралы қауесетке жауап берді

© Sputnik / Тимур БатыршинБлок бекетте тұрған полицей, архивтегі сурет
Блок бекетте тұрған полицей, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыс әкімі өңірде қолға алынған шаралар қазіргі эпидемиологиялық жағдай үшін жеткілікті екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik.  Әлеуметтік желіде 9 қарашадан бастап Қарағанды облысында блок бекеттер қойылып, карантин күшейетіні жайлы тараған ақпарат – жалған. Бұл туралы өңір басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Желіде 9 қарашадан бастап Қарағанды облысында қосымша карантиндік шаралар қабылданатыны туралы ақпарат тарады. Онда бірқатар ірі қала жабылып, блок бекеттер қойылып, адамдар ПТР-анықтамасыз кіргізілмейтіні жайлы айтылған.

Өңір басшысы бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

"Облыстың барлық тұрғыны мен қонақтарына айтарым: бұл фейк, мүлдем шындыққа жанаспайды. Мұндай шаралар 9 қарашадан да, басқа күндері де жоспарланып отырған жоқ. Сол себепті облыста қолға алынған шаралар қазіргі эпидемиологиялық жағдай үшін жеткілікті екенін тағы бір мәрте айтқым келеді", - деді Қасымбек онлайн брифингте.

Сондай-ақ, ол облыс аумағынан шығарда және кірерде қазақстандықтардан ПТР-анықтамасы сұралмайтынын атап өтті.

Жаңалықтар
0