Қоғам

Мәжіліс сайлауы: кәсіподақтар федерациясы өз шешімін жариялады

© СЦК РКЗаместитель председателя профсоюзов Казахстана Мухтар Тиникеев
Заместитель председателя профсоюзов Казахстана Мухтар Тиникеев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тінікеевтің айтуынша, кәсіподақтар федерациясы алдағы мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына бақылаушы ретінде қатысқысы келеді

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша – Sputnik. Қазақстан кәсіподақтар федерациясы мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлауға бақылаушы ретінде қатысуға ниетті. Бұл туралы ҚКФ төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Кәсіподақтар федерациясы ең ірі қоғамдық бірлестік ретінде ең маңызды ішкі саяси процестерден тыс қала алмайды. Сондықтан кәсіподақтар федерациясы алдағы сайлауға сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығын сақтаудың бақылаушысы ретінде қатысуға ниетті. Егер биліктің заң шығарушы тармағына еңбек адамының мүддесін жан-тәнімен алға тартатын адамдар кіретін болса, біздің жұмысшылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жалпы күш-жігеріміз жаңа серпін алады", – деді федерация мәлімдемесін жария еткен Тінікеев өз сөзінде.

Ол федерация "еңбек адамының мүддесін қорғайтын партияны қолдайтынына" сенім білдірді.

"Біз бүкіл Қазақстан бойынша сайлау учаскелерінің 30%-ін қамтуға тырысамыз. Бұл бағытта тәжірибеміз де жеткілікті. Естеріңізде болса, 2019 жылы өткен президент сайлауында біз кәсіподақтар федерациясынан өз кандидатымызды ұсындық. Сол президент сайлауында төрт мыңнан астам бақылаушыны оқытып, қадағаласақ, осы жолы біз көрсеткішті 30%-ке дейін қысқартамыз. Мұндай қысқарту сайлаудың тазалығы мен мөлдірлігін қамтамасыз ете алады", – дейді төраға орынбасары.

Сонымен қатар, Тінікеев әр жылдары депутаттар сайлауында орын алған заңбұзушылықтар болды ма деген сұрақты да жауапсыз қалдырмады.

"Мен сайлауға сегіз рет қатыстым, оның ішінде жеті рет парламент мәжілісінің депутаты болып сайландым. Төрт рет – аумақ бойынша және үш рет – партия атынан түстім. Әрине, аумақ бойынша сайлау әлдеқайда күрделі, бірақ әлдеқайда еркін. Партиялық тізім бойынша сайлау оңай, өйткені белгілі бір партияның атынан ақша салмайсыз. Сондықтан да партияның атынан түсіп, күресу оңайырақ. Ал территорияға ұсынған кезде, әрине (арасында заңбұзушылықтар болды – Sputnik) сайлаушыларға әртүрлі концерттерге әнші-бишіден бастап, футбол жұлдызына дейін шақырту мен азық-түлік өнімдерін беру сияқты нәрселер болды", – дейді ол.

Тінікеевтің айтуынша, мұндай санат 1990 жылдары енді ғана пайда болғандықтан, сол кездері көптеген бизнесмендер сайлауға онша қызығушылық танытпаған.

"Ал 2000 жылдары сайлауға түсетін үміткерлермен емес, қапқа салынған ақшалармен күресуге тура келген. Себебі, сол кездері көп жерде ақшамен сатып алу кең өріс алған кезең болды", – деп қосты ол.

Оқи отырыңыз: Мәжіліс пен мәслихат сайлауы бір күнде өтеді – ОСК себебін айтты

Тінікеев 1990-93 жылдары Қазақ ССР жоғарғы кеңесінің 12 шақырылым депутаты болып сайланды. 1994-95 жылдары – жоғарғы кеңестің 13 шақырылым депутаты, ал 2002-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің (II-VI шақырылым) депутаты болды.

Айта кетейік, Қазақстандағы мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді. Кандидаттарды ұсыну 10 қарашадан 30 қараша күнгі 18.00-ге дейін жалғасады.

Жаңалықтар
0