Экономика

COVID-19 вакцинасына қатысты жаңалықтан соң мұнай 10%-ке қымбаттады

© REUTERS / Angus MordantВышка на нефтяном месторождении
Вышка на нефтяном месторождении  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Brent маркалы мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері 10,11 процентке қымбаттап барреліне 43,44 долларға дейін жетті

НҰР-СҰЛТАН, 9 қараша - Sputnik. Pfizer және BioNTech компанияларының коронавирусқа қарсы вакцинасын сәтті сынақтан өткізуіне байланысты мұнайдың әлемдік құны 10%-ке өсті, деп хабарлайды РИА Новости.

Brent маркалы мұнайдың қаңтар айындағы фьючерстері 10,11 процентке қымбаттап барреліне 43,44 долларға дейін жетті. Ал желтоқсан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстері барреліне 41,28 доллар болды.

Бұған COVID-19 вакцинасына қатысты жаңалық себеп. Pfizer және BioNTech компаниялары коронавирусқа қарсы вакцинасы сәтті сынақтан өткенін хабарлаған болатын. Қорытындыға сәйкес, вакцина 90 процентке тиімді екенін көрсетті. Оны АҚШ-та тіркеу өтініш қараша айында беріледі деген болжам бар.

Бұл трейдерлердің экономиканың қалпына келуіне қатысты қаупін біршама сейілтті. Бұған қоса, мұнайға деген сұраныс бойынша болжамды қолдады.

Жаңалықтар
0