Саясат

Тоқаев Байденді президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Демократ Джо Байденнің сайлауда жеңіске жеткенін жетекші америкалық бұқаралық ақпарат құралдары жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Джо Байденді президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

"Джо Байденді АҚШ президенті болып сайлануымен шын жүректен құттықтағым келеді. Біздің елдеріміздің арасында екіжақты қызығушылыққа ие салаларда жемісті ынтымақтастық орнатамыз деген үміттеміз", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.

Айта кетейік, сайлаудағы екінші кандидат – АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп сайлау қорытындысымен келіспей отыр, ол өзінің жеңіске жеткенін сотта дәлелдемек. 

Дегенмен, көптеген елдің көшбасшылары Джо Байденді сайлаудағы жеңісімен құттықтап жатыр.

Өз кезегінде кейбір латынамерикалық елдердің басшылары, мәселен, Мексика мен Бразилияның президенттері Байденді құттықтауға асыққан жоқ. Олар сайлаудың ресми қорытындысын күтуді жөн көрген.

Жаңалықтар
0