Өңірлер

Шығыс Қазақстанда індет өршіп тұр: премьер-министр тапсырма берді

© Photo : primeminister.kzАсқар Мамин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды
Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі уақытта республика бойынша коронавируспен ауырғандардың 50%-і Шығыс Қазақстан облысында анықталып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Премьер-министр Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 бойынша жағдайды тұрақтандыруды тапсырды.

Үкімет басшысының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал мәселелері жөнінде селекторлық кеңес өткізді.

Қазіргі уақытта республика бойынша коронавируспен ауырғандардың 50%-і Шығыс Қазақстан облысында анықталып отыр. Ауруды жұқтырғандар саны бойынша облыс қызыл аймаққа кіреді.

Өткен аптамен салыстырғанда өңірде ауру жұқтыру 5,4 есеге өсті, күн сайын 350-ден аса науқас тіркеліп отыр, жағдайы ауыр адамдардың саны артты. Инфекциялық төсек-орындардың жүктемесі 23%, реанимациялық төсек-орындар жүктемесі 27,8%-ке жетті. Аса жоғары көрсеткіш Өскемен және Семей қалаларында байқалып отыр.

"Үкімет басшысы Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне коронавирус инфекциясының одан әрі таралуына жол бермеу, халыққа санитарлық талаптарды түсіндіру және олардың сақталуын бақылау, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті нығайту, медициналық мекемелерді білікті кадрлармен толықтыру үшін жағдай жасау бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Коронавирус індетіне облыстың дайындығы қандай?

Шығыс Қазақстан облысында 584 мобильді медициналық бригаданың жұмысын үйлестіретін ауру ошақтарын оқшаулау орталығы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда желіде 516 бригада бар, олар 1978 инфекция ошағын және ауруды жұқтырғандармен байланыста болған 4709 адамды бақылайды. Қажет болған жағдайда қосымша 100 бригада құруға мүмкіндік бар.

Новую инфекционную больницу на 200 коек открыли в Петропавловске - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда тағы сегіз адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды
Өңірде 3254 инфекциялық төсек-орынды, оның ішінде 205 реанимациялық төсек-орынды қамтыған 30 инфекциялық стационар жұмыс істейді. Қосымша 10 резервтік стационар жасақталған. Медициналық мекемелер 346 жасанды тыныс алу аппаратымен және 1142 оттегі концентраторымен қамтамасыз етілген. 21 стационарда орталықтандырылған оттегімен қамтамасыз ету бар.

Тұрақтандыру қорын толықтыру үшін жергілікті бюджеттен 1,9 млрд теңге бөлінді, бұл медициналық мекемелерде екі айлық дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныш құралдарының қорын қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Жедел медициналық жәрдем машинасы паркі 60 бірлікке толықты, жыл соңына дейін қосымша 156 машина жеткізіледі деп күтілуде.

Шығыс Қазақстан облысында COVID-19 диагностикалау бойынша 13 зертхана жұмыс істейді. 311 мың адам, оның ішінде соңғы тәулікте 4 743 адам тексерілді.

1 желтоқсанға дейін Өскемен және Семей қалаларында, сондай-ақ Күршім және Үржар аудандарында қосымша 5 ПТР-зертхана ашу жоспарланып отыр.

Жаңалықтар
0