Халық көліктердің жолын бөгеп, қаланың басты көшелеріне жиналған. РИА Новости ақпарат агенттігінің хабарлауынша, көлікте отырған жолаушылар да шет қалмай, қолындағы туын бұлғап, қолдау көрсетіп жатыр.
Айта кетейік, демократиялық партиядан ұсынылған кандидат Джо Байден ірі америкалық БАҚ сайлау қорытындысын жариялағаннан кейін өзінің президент болып сайланғанын мәлімдеді.
Байден өз саясатының басым бағыттарын айқындады - COVID-19-бен күрес, экономика, климат және нәсілшілдікке қарсы тұру.
Сондай-ақ ол "демократияны қорғап, абыройды қалпына келтіру" қажеттігін мәлімдеп, америкалықтар үшін тең мүмкіндікті қамтамасыз етудің маңыздылығын айтты.
Ал екінші кандидат – АҚШ-тың қазіргі президенті Дональд Трамп сайлау қорытындысымен келіспей отыр, ол өзінің жеңіске жеткенін сотта дәлелдемек.