Саясат

Нұрсұлтан Назарбаев Байденге жеделхат жолдады

© Photo : Aidos Ukibay/twitterПредседатель партии Nur Otan Нурсултан Назарбаев принял участие в онлайн-голосовании в праймериз
Председатель партии Nur Otan Нурсултан Назарбаев принял участие в онлайн-голосовании в праймериз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елбасы Джозеф Байденге Америка Құрама Штаттарының президенті болып сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденді Америка Құрама Штаттарының президенті лауазымына сайлануымен құттықтады.

Елбасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанның тұңғыш президенті 2010 жылы Вашингтонда ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит аясында өткен кездесуді, сондай-ақ олардың арасындағы телефон арқылы болған келіссөздерді жылы сезіммен еске алатынын атап өтті.

"Елбасы Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестік әрі қарай да екі елдің игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді", - деп хабарланған Елбасының сайтында.

Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев Джозеф Байденге мемлекеттік қызметте табыс тіледі.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың жаңа басшысын Twitter арқылы құттықтаған болатын.

Айта кетсек, демократ Джо Байденнің сайлауда жеңіске жеткенін жетекші америкалық бұқаралық ақпарат құралдары мәлімдеді. Дауыс берудің ресми қорытындысы әлі жарияланған жоқ. 

Жаңалықтар
0