Өңірлер

Екі апта бойы іздеді: Ақмола облысында жоғалған балықшының мәйіті табылды

© Photo : Пресс-служба МЧС РКВ Астраханском районе найдено тело пропавшего рыбака
В Астраханском районе найдено тело пропавшего рыбака - Sputnik Қазақстан
Жазылу
23 қазанда үш балықшы қайыққа мініп кеткен, бес күннен кейін екеуінің денесі табылды, үшіншісін 14 күн бойы іздеді

НҰР-СҰЛТАН, 8 қараша – Sputnik. Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары достарымен балық аулауға кетіп жоғалған 42 жастағы ер адамның денесін тапты.

Ер адамның мәйіті жетінші қарашада Астрахан ауданындағы Баршын көлінен табылды. Оны іздеу жұмыстары 14 күнге жалғасты, деп хабарлады Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

23 қазанда Ұзынкөл ауылдық округіндегі Баршын көліне төрт адам балық аулау үшін барған.Сол күні кешке үшеуі моторлы қайықпен жүзіп кеткен. Ал біреуі жағалауда қалған. 28 қазанда іздеу тобы 1981 және 1976 жылы туған екі балықшының денесін тапты.​ Жағалаудан бір шақырым жерде қамыс арасынан аударылып қалған қайық табылды.

© Photo : Пресс-служба МЧС РКАқмола облысында жоғалған балықшының мәйіті табылды
Екі апта бойы іздеді: Ақмола облысында жоғалған балықшының мәйіті табылды - Sputnik Қазақстан
Ақмола облысында жоғалған балықшының мәйіті табылды

Баршын көліндегі іздестіру жұмыстарына 15 адам кіретін үш сүңгуір тобы, аудан әкімдігінің, полиция бөлімінің қызметкерлері, балықшының туыстары мен жанашыр тұрғындар қатысты.

Көлдің ауданы 40-тан астам шаршы шақырым болғандықтан және оның көп бөлігін қамыс басып кеткендіктен іздестіру жұмыстары кезінде қиындықтар туындады.

Құтқарушылар тұрғындарға жеке құтқару құралдары болған кезде ғана балық аулауға шығуға кеңес береді. Егер сіз қайықпен балық немесе аң аулауға шықсаңыз, онда қайық техникалық жағынан жарамды, су төгетін және құтқару құралдарымен жабдықталған болуы керек. Қайықта болған кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін кию және ешқандай оқыс қимыл жасамау, бортта еңкеймеу, қайықта тұрмау және қозғалмау қажет.

Жаңалықтар
0