Қоғам

Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері қанша адам "қандас" мәртебесін алды

© Sputnik / Абзал КалиевОсень в Нур-Султане виды города
Осень в Нур-Султане виды города  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жыл басынан бері елордада тұрақты тіркеуі бар 11,5 мың шетелдік азамат тіркелгені хабарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша — Sputnik. Нұр-Сұлтанда 2020 жылдың басынан бері бес мыңнан астам адам "қандас" мәртебесін алды, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

Жалпы 10 айда елордада тұрақты тіркеуі бар 11,5 мың шетелдік азамат тіркелген, олардың ішінде 5 172 адам – қандастар.

Бұдан бөлек, Нұр-Сұлтанда ТМД елдерінің 5 788 азаматы және басқа мемлекеттердің 5 725 азаматы өмір сүріп жатыр.

Оқи отырыңыз: Министр елге оралған қандастарға қатысты жағымды жаңалықты жеткізді

Полицияның хабарлауынша, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдардың өтініші қарастырылған кезде олар кеткен елден әкелген құжаттарға ерекше мән беріледі (кету парағы, елшіліктің елде тұруға берген келісімі, соттылығы бар-жоғы туралы анықтама).

Шетелдіктер жылына кемінде екі рет тұрғылықты жері бойынша тексеріледі.

Жаңалықтар
0