Қоғам

Ақсу тұрғыны төрт оқушыға зорлық көрсетті деген күдікке ілінді

© Photo : Рixabay/TatlinРука на стекле
Рука на стекле - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл Павлодар облысында кәмелеттік жасқа толмағандарға жасалатын қылмыстар саны екі есеге артты

ПАВЛОДАР, 7 қараша – Sputnik. Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны екі жыл бойы төрт балаға зорлық көрсетті деген күдікке ілінді, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

"Жыл басынан бері білім беру ұйымдары психологтермен бірлесіп, зорлық фактілерін анықтау мақсатында оқушылар арасында сауалнама жүргізді, анонимділікті сақтау үшін "сенім жәшіктері" орнатылды. Мектептердің бірінде "сенім бөлмесі" ашылды. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биыл 2016 жылдан 2018 жылға дейін жасалған 34 қылмыс тіркелді. Оның ішінде 23 факті бойынша Ақсу қаласының тұрғыны төрт оқушыға зорлық көрсетті деген күдікке ілінді", - деді облыстың бас полиция қызметкері.

Ер адамның зардап шеккен мектеп оқушыларына кім болып келетіні туралы хабарланған жоқ.

Құқық қорғау ведомствосының мәліметінше, биыл Павлодар облысында жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың саны өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге артқан.

"Талдау нәтижелері бойынша, кәмелеттік жасқа толмағандарға жыныстық зорлық-зомбылық көрсетуге қатысты 60 қылмыстың 13 немесе 22%-ін туыстары мен өгей әкелері жасаған", - деді Мәсімов.

Жаңалықтар
0