НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша — Sputnik. Ведомствоаралық комиссия Қостанай облысында санитарлық режимді күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Вице-премьер, ведомствоаралық комиссия комиссия төрағасы Ералы Тоғжанов Қостанай облысына сапары барысында қарашадан бері COVID-19 жұқтыру көрсеткіші артқанын айтты.
"Вице-премьер жергілікті мемлекеттік органдар, әкімдіктердің нашар жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігі ұсынымдарын орындауды қадағалауды күшейтуді тапсырды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, кейбір аудандарда ПТР-тестілеу мәселесін шешу тапсырылды.
Еске сала кетсек, Қостанай облысында 9 қарашадан бастап санитарлық режим күшейтілетіні хабарланды.