Оқиға

Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезді

© Sputnik / Тимур БатыршинТам не только обрабатывают подземные толчки, но и ведут непрерывную запись со всех станций
Там не только обрабатывают подземные толчки, но и ведут непрерывную запись со всех станций - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қырғызстанда жер сілкінісі болды, оның әсері Қазақстанның оңтүстік мегаполисінде де сезілді

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша — Sputnik. Қырғызстанда жұма күні жер сілкінді, оның әсерін Шымкент тұрғындары да сезді, деп хабарлады оңтүстік мегаполистің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. 

Зілзала эпицентрі сағат 13.38-де Алматыдан батысқа қарай 565 шақырым жерде Қырғызстан аумағында болған.

"Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.5, магнитудасы MPV 5.7. Эпицентр координаттары  39.98° с.ш. 71.66° в.д. Тереңдігі 30 километр", - деді төтенше жағдайлар департаменті.

Жерасты дүмпулері Шымкентте де сезілді - 2-3 балл.

Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы мәлімет жоқ.

Жаңалықтар
0