Экономика

"Жалғыз төтеп бере алмайды": Мамин ТМД-ны пандемияға қарсы бірігуге шақырды 

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаПремьер-министр Аскар Мамин на первом заседании Высшего cовета по реформам
Премьер-министр Аскар Мамин на первом заседании Высшего cовета по реформам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамин ТМД ауқымды дағдарыстан шығуға арналған және ұжымдық күш-жігерді біріктіретін платформаға айналуы керек екенін ерекше атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша — Sputnik. Тәуелсіз мемлекеттер достастығына мүше елдер пандемиялық дағдарыстан шығу үшін өзара бірігу мүмкіндігін барынша пайдалануы қажет. ТМД үкімет басшылары кеңесінің отырысына қатысқан Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин осылай айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Үкімет басшысы пандемия мен экономикалық дағдарыс өзара тығыз іс-қимылдың қажет екенін тағы бір мәрте көрсеткенін жеткізді. Одан басқа амал жоқ.  

"Дамыған ел болсын, дамушы мемлекет болсын, біреуі де жалғыз өзі жаңа қауіп-қатерлерге төтеп бере алмайды. Сондықтан біз өзіміздің Достастығымыздың барлық артықшылықтары мен мүмкіндіктерін белсенді пайдалануымыз қажет", - деді Мамин. 

Оның ойынша, ТМД ауқымды дағдарыстан шығу бойынша барлығын байланыстыратын әрі ұжымдық күш-жігерді біріктіретін платформаға айналуы тиіс.  

Айта кетейік, кеңес отырысы бейнеконференция форматында өтті. Оған Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Тәжікстан мен Өзбекстанның үкімет басшылары, сондай-ақ, Түркіменстанның сыртқы істер министрі қатысты. 

Кеңес отырысында экономика мен қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Жаңалықтар
0