Қоғам

Коронавирустан бір тәулікте 6 адам қайтыс болды

© Sputnik / Тимур БатыршинНовую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице
Новую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Соңғы тәулікте, 5 қарашада коронавирустан алты адам қайтыс болды. Пневмонияға шалдыққандар арасында өлім-жітім тіркелмеді

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмониядан болатын өлім-жітім туралы күнделікті мәліметтерді жариялады.

COVID-19-дан алты адам қайтыс болды.

Қазақстанда коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жалпы саны 1879 адамға жетті.

"Қазіргі уақытта 5608 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 340 бала бар. Ауруханаларда – 2646, амбулаториялық деңгейде – 2962 адам", - деп хабарлады Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі.

Вирус жұқтырғандар көбейіп жатыр: Нұр-Сұлтанның бас санитары үндеу жасады

Еске сала кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны артты – коронавирус 591 адамнан табылды.

COVID-19 белгілері бар пневмонияға қатысты мәлімет

Өткен тәулікте 231 науқас тіркелді, 51 адам сауығып шықты.

Жалпы, 1 тамыздан бастап Қазақстанда 38721 адам пневмониямен ауырды, 406 науқас қайтыс болды, 29 014 адам жазылды.

Жаңалықтар
0