Өңірлер

Карантин семейлік кәсіпкерлерді тығырыққа тірей бастады

© Sputnik / Ксения ВоронинаМеню в кафе Германии на территории ЭКСПО
Меню в кафе Германии на территории ЭКСПО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Табысты азайып, қол астындағы жұмысшыларына еңбекақы төлеуге шамасы келмей жатқан кәсіпкерлер қала әкімдігіне шағымданды

НҰР-СҰЛТАН, 6 қараша – Sputnik. Семейлік кәсіпкерлер бизнес саласына қатысты карантин талаптарын жеңілдетуді сұрайды. Олар бөлшек сауда нысандары мен дәмхана, мейрамхана сынды қоғамдық тамақтану орындарының қызметіне қойылған шектеулер алыну керек деп санайды.

Шағын және орта бизнес өкілдерінің ұсынысын облыстың бас санитар дәрігері тыңдап, тараптар пікір алмасты, деп хабарлады "Хабар 24".

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бір тәулікте 591 адамнан коронавирус табылды 

Карантин шектеулері семейлік кәсіпкерлерді тығырыққа тірей бастаған. Көпшілігі шығынға ұшырағандарын айтып, шырылдап жүр. Табысы азайып, қол астындағы жұмысшыларына еңбекақы төлеуге шамасы келмей жатқандар қала әкімдігіне келіп шағымданды. Өтініштерін шаһар әкімі мен облыстың бас санитар дәрігеріне айтып, қолдауға мұқтаж екендерін жеткізді. Олар дүкендердің демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілсе дейді.

Бас санитар дәрігер жиналған азаматтардың пікірін бөлмей тыңдап, ашық әңгіме жүргізді.

"Кездесу барысында бастамашыл топ өкілдері өздерінің мұң-мұқтажын, ойларын, тілектерін қағазға түсіріп жан-жақты талқыға салды. Санитар дәрігерлер тарапынан қазіргі таңда жұмысқа алынды", - деп атап өтті қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев.

Семейде ірі сауда орындары мен қоғамдық тамақтандыру орындарын ашып, шаруасын дөңгелетіп жүрген кәсіпкерлер көп. Сондықтан оларға карантин талаптарының қаншалықты қолбайлау болып тұрғанын жақсы түсінеміз дейді жауапты мамандар. Бірақ облыстағы эпидахуалды ескермеуге болмайды. "Қызыл аймаққа" енуі де тегін емес.

"Кәсіпкерлердің жағдайын түсінеміз, біз облыс бойынша барлық шараны қолданып жатырмыз. Сондықтан жағдай жақын арада өзгереді деп есептейміз. Жеңілдету жағдайын содан кейін қарастырамыз. Жағдай тұрақталса ғана ұсыныс-пікірлер ескеріледі", - деп түйіндеді облыстың мемлекеттік бас санитар дәрігерінің міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев.

Жаңалықтар
0