Қоғам

Қазақстанда індетке шалдыққандар саны көбейді

© Sputnik / Владислав ВодневПробирка с кровья для анализа COVID-19 - иллюстративное фото
Пробирка с кровья для анализа COVID-19 - иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шығыс Қазақстанда коронавирус диагнозы қойылған науқастардың саны күн сайын артып жатыр. Екі облыста инфекцияны жұқтырған бірде-бір адам анықталмады

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 494 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлады COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Маңғыстау және Қызылорда облыстарында вирус жұқтырған бірде-бір адам анықталмады.

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 35,
  • Алматы қаласы – 25,
  • Шымкент қаласы – 8,
  • Ақмола облысы – 29,
  • Ақтөбе облысы – 6,
  • Алматы облысы – 7,
  • Атырау облысы – 8,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 222,
  • Жамбыл облысы – 4,
  • Батыс Қазақстан облысы – 29,
  • Қарағанды облысы – 20,
  • Қостанай облысы – 18,
  • Павлодар облысы – 50,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 32,
  • Түркістан облысы – 1.

Айта кетейік, бір күн бұрын 432 адамның індетке шалдыққаны хабарланған болатын.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 114 235.

 

Жаңалықтар
0