Оқиға

ҰҚК қызметкерлері душар болған қайғылы жағдай туралы ақпарат шықты

© Photo : Пресс-служба КМК "Астана Моторс"Сотрудники станции скорой помощи готовят реанимобиль к выезду
Сотрудники станции скорой помощи готовят реанимобиль к выезду  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Аудан әкімі көлікте шекара қызметкерлерінің болғанын растады. Қазіргі кезде жол-апаты бойынша тергеу шаралары басталды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында жеңіл автокөлік асфальт төсейтін машинаға соғылды. Көлік жүргізушісінің жанында отырған адам қайтыс болды, деп хабарлады "Мой Город" порталы.

Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты Бөкейорда ауданына кіретін Сайхин кентінде бүгін түнгі сағат 00:10-да болған. Audi-80 маркалы көліктің 22 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, асфальт төсейтін "Super-1600-2" машинасымен соқтығысқан.    

"Жеңіл автокөліктің жүргізушісі жол апаты кезінде орташа деңгейде мас болды. Салонда болған 25 жастағы жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Ал жүргізуші көптеген дене жарақатымен Бөкейорда аудандық ауруханасына жеткізілді", - дейді полицейлер. 

Көлікте Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара қызметінің мамандары да болған. Оны аудан әкімі Нұрлан Рақымжанов растады. 

"Иә, ондай ақпарат бар. Көлікте Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің қызметкерлері отырған. Алайда олардың көлікке не үшін отырғанын, қайда бара жатқанын және жол апатының қалай болғанын білмеймін. Шекарашылар бізге бағынбайды және ешқандай ақпарат бермейді", - дейді Рақымжанов.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345 бабы – жол жүру ережесін бұзу бойынша тергеу шаралары басталды.

Жаңалықтар
0