Саясат

Қырғызстан премьері Маминге телефон соқты

© Sputnik / Табылды КадырбековСадыр Жапаров
Садыр Жапаров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның сауда-экономикалық, транзит-көлік және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастығы мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша – Sputnik. Қазақстан үкіметінің басшысы Асқар Мамин Қырғыз Республикасының премьер-министрі, президент міндетін атқарушы Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті. 

Әңгімеге қырғыз тарапы бастамашы болды, деп хабарлайды Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметі.

Тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның сауда-экономикалық, транзит-көлік және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін талқылады.

ЕАЭО және ТМД аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ, COVID-19 инфекциясының таралуына қарсы күрестегі тәжірибе қаралды.

Бұған дейін қырғыз премьері Садыр Жапаров президент сайлауына қатысу үшін отставкаға кететінін мәлімдеген еді. Егер сайлауда жеңілсе, қатардағы азамат болып қала беретінін айтты.

Қырғызстанда Сооронбай Жээнбековтің отставкасынан кейін өткелі жатқан мерзімінен бұрын президент сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіленді. Конституция бойынша президенттің міндетін атқарушы мемлекет басшысы қызметіне өз кандидатурасын ұсына алмайды.

Жаңалықтар
0