Саясат

Барлық 6 саяси партияға парламенттік сайлауға қатысуға рұқсат берілді - ОСК

© Sputnik / Абзал КалиевУрна с бюллетенями на избирательном участке. Выборы президента Казахстана - 2019
Урна с  бюллетенями на избирательном участке. Выборы президента Казахстана - 2019 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орталық сайлау комиссиясы саяси партияларды мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына қатыстыру туралы мәселені қарады

НҰР-СҰЛТАН, 5 қараша - Sputnik. Барлық алты саяси партияға Қазақстандағы мәжіліс сайлауына қатысуға рұқсат етілді. Мұндай шешім Орталық сайлау комиссиясының отырысында қабылданды.

Отырыста сондай-ақ, мәслихаттар депутаттарын сайлауға қатыстыру мәселесі қаралды. Оларға да алты партияның барлығы қатыса алады. Тек "Бірлік" саяси партиясы Шымкент қаласы мен Түркістан облысы мәслихаттарының сайлауына қатыспайды. Себебі партияның филиалдары Оңтүстік Қазақстан облысы қайта ұйымдастырылғаннан кейін тіркеуден өтпеген. 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда парламент мәжілісі мен мәслихаттарға сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарында өтеді.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне сәйкес, 2020 жылдың қазан айындағы жағдай бойынша Қазақстанда алты саяси партия тіркелген:

  • Nur Otan партиясы;
  • Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы;
  • Қазақстанның коммунистік халық партиясы;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы;
  • "Бiрлік" саяси партиясы;
  • Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП).

Қазіргі таңда Қазақстан парламентінде саяси партиялардың үш фракциясы бар: Nur Otan, "Халықтық коммунистер" және "Ақ жол".

Жаңалықтар
0