Қоғам

Қазақстанда алғаш рет: елде COVID-19-ды қайта жұқтыру жағдайы тіркелді

© AP Photo / Petr David JosekМедики в защитных костюмах везут на носилках пациента в больнице с коронавирусом
Медики в защитных костюмах везут на носилках пациента в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Батыс Қазақстан облысының тұрғыны көктемде және жазда коронавируспен ауырды, деп хабарлады санитарлық дәрігерлер

АЛМАТЫ, 4 қараша — Sputnik. Батыс Қазақстан облысында коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы тіркелді. Бұл елдегі алғашқы жағдай. 

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Әбдірахманов әйел көктем мен жазда COVID-19-пен ауырып, жазылып шыққан.

"Ол алғаш рет пандемия басталған кезде ауырып шықты. Кейін тамызда тағы да коронавирус жұқтырды. Екі ретте де пациент стационар жағдайында емделді. Бұл қазіргі уақытта Қазақстанда коронавирусты екінші рет жұқтырудың алғашқы жағдайы", - деп хабарлайды "Мой город" басылымы Әбдірахмановаға сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, батыста төрт жүкті әйелде вирус расталды. Екеуі стационарда, екеуі үйде емделіп жатыр.

Жаңалықтар
0