Қоғам

Қарағанды облысында індетке екінші рет шалдыққан науқас тіркелді

© AFP 2024 / JEFF PACHOUDСотрудник лаборатории ставит в держатель пробирки с образцами анализов на коронавирус
Сотрудник лаборатории ставит в держатель пробирки с образцами анализов на коронавирус - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігі Батыс Қазақстанда коронавирусты екінші рет жұқтыру оқиғасын мойындамады. Алайда мұндай науқас басқа облыста ресми түрде тіркелді

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Батыс Қазақстанда бір адам коронавирусты екінші рет жұқтырды деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ол кісі бірінші рет ауырғанда вирустың кімнен жұққаны және қайдан келгені белгісіз болды. Тіпті, себебін таба алмаған. Сондықтан министрлік жанындағы арнайы комиссия оны қайтадан ауырған науқас ретінде тіркемеді", - деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

"Өте ауыр болды": министрлік Біртановтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Дегенмен, вице-министрдің айтуынша, Қарағанды облысында инфекцияны екінші рет жұқтырған науқас анықталған.

"Бұл кісі алғаш рет ауырғанда аурудың толық клиникалық картинасы болған. Барлық зертханалық сынамамен дәлелденген. Осы қазан айында екінші рет осы инфекциямен ауруханаға түсіп, ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті. Сондықтан осы жайтты коронавирусты қайта жұқтыру жағдайы ретінде есепке алып отырмыз", - деп түсіндірді Ғиният.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнәр Әбдірахманова бір әйелдің COVID-19 індетімен екі рет ауырғанын жариялаған болатын. Науқас алғаш рет вирусты пандемия басталғанда, сәуір айында жұқтырған. Тамызда тағы да ауырып қалған. Пациент екі рет стационар жағдайында емделді.

Жаңалықтар
0