Қоғам

Ковидтік пневмонияға шалдыққандар саны күрт өсті

© Photo : Пресс-служба акимата СКОНовую инфекционную больницу на 200 коек открыли в Петропавловске
Новую инфекционную больницу на 200 коек открыли в Петропавловске - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір күн бұрын республика бойынша ковидтік пневмониямен 9 адам тіркелген болатын. Өткен бір тәуліктің ішінде осы санаттағы науқастардың саны бірден 269-ға дейін көтерілді

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі соңғы бір тәуліктің ішінде коронавирус пен ковидтік пневмонияға шалдыққан адамдардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, кешеден бері ковидтік пневмония диагнозымен 269 адам тіркелді. Бір науқас қайтыс болды. Ал осыдан бір күн бұрын осы санаттағы науқастардың саны әлдеқайда аз болған, республика бойынша небәрі 9 адам тіркелген болатын. 

Биыл тамыздың 1-інен бастап ковидтік пневмония бөлек тіркеледі. Ондай диагноз кезінде ПТР-тест теріс нәтиже көрсетеді, бірақ коронавирустың анық белгілері бар. Үш айдың ішінде осы диагнозбен 38 281 адам анықталды. Жалпы, 405 науқас қайтыс болды.

Коронавирус анықталғандар көп пе

Соңғы бір тәуліктің ішінде ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен 432 адам тіркелді. Ауруханада жатқан 6 науқас қайтыс болды. Жалпы, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 981 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 340 бала бар. 

"Стационарларда 2 510 науқас жатыр. 2 471 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы, науқастардың ішінде148 адамның жағдайы нашар. Ал 18 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағаланып отыр. 20 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - дейді министрлік мамандары.

Жалпы, пандемия басталғалы бері Қазақстанда ресми түрде коронавирус жұқтырудың 113 741 жағдайы тіркелген. Індет салдарынан 1 867 науқас қайтыс болды.

Жаңалықтар
0