Дерекқор

Қарағанды облысында санитарлық бекеттер арқылы өту ережелері енгізілді: нені білу қажет

© Photo : акимат Карагандинской областиСанитарный пост в Карагандинской области
Санитарный пост в Карагандинской области - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды облысында қойылған тоғыз санитарлық бекеттің үшеуінен өту үшін propusk.kz сайтына тіркелу қажет

Тіркелуді талап ететін санитарлық бекеттер

  • Қызылорда - Павлодар автомобиль жолы (Молодежный ауылының жаны).
  • Павлодар - Баянауыл - Бұқар жырау - Қарағанды автомобиль жолы (Үміткер ауылының жаны).
  • Қарағанды - Аягөз - Бұғаз автокөлік жолының Семей бағытына қарай 271-ші шақырымы (Кентөбе ауылының жаны).

Бұл бекеттерден өту үшін ПТР тестінің нәтижесі талап етілмейді, деп атап өтті Қарағанды облысының әкімдігі.

Алайда, сайтта өзіңіз туралы мәліметтерді көрсетуіңіз қажет:

  • Аты-жөні;
  • ЖСН;
  • телефон нөмірі;
  • автокөліктің мемлекеттік нөмірі,
  • санитарлық бекет;
  • тұрғылықты мекенжай;
  • келген азаматтың мекенжайы;
  • сапар мақсаты;
  • растайтын құжат.

Propusk.kz веб-сайтында тіркелмей-ақ осы бағыттар бойынша қозғалуға рұқсат етілетіндер: құқық қорғау органдары, медицина қызметкерлері және арнайы қызметтер; халықтың өмірін қамтамасыз ету ұйымдарының қызметкерлері; жүк көліктері; транзиттік көліктер; Қарағанды облысына жергілікті тіркеумен кіретіндер; емделуге келетіндер.

Вахталық режиммен жұмыс істейтіндер және тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баратындар және жұмыс орнынан тұрғылықты жеріне қайтып келетіндер өздері туралы мәліметтерді propusk.kz сайтында қалдыру қажет.

Барлық басқа санитарлық бекеттен өту үшін propusk.kz сайтына тіркелу талап етілмейді.

Санитарлық бекеттерде полиция қызметкерлері мен дәрігерлер кезекшілік етеді. Олар жүргізушілер мен жолаушылардың денсаулығын тексереді. Бақылауға термометрия және сауалнама жүргізу кіреді.

Бұл аймақта тоғыз санитарлық бекет қойылған. Олар Жезқазғанда, Приозерск, Ұлытау, Нұра, Бұқар жырау, Қарақаралы аудандарында және Осакаров ауданында екі бекет, сондай-ақ, Бұқар жырау ауданындағы Центральный ауылында орналасады.

Қазақстандықтардан көршілес облыстарға айрықша қажеттілік тумаған жағдайда бармау, бетперде кию және эпидемияға қарсы барлық шараны сақтау сұралуда.

Жаңалықтар
0