Қоғам

Қазақстанда адам саудасына қарсы күрес басқармасы құрылады

© pixabay.comМужчина с цепями на руках, иллюстративное фото
Мужчина с цепями на руках, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
НовостиTelegram
Жыл басынан бері адам саудасына қатысты 107 факті анықталған, мұндай қылмыстар ұйымдасқан және трансұлттық сипатқа ие

АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. Ішкі істер министрлігінде адам саудасына қарсы күрес басқармасы құрылады. Бұл жайында ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Адам саудасына байланысты қылмыстарды тергеу жетілдіріліп жатыр. Жыл басынан бері осы бойынша 107 факті анықталды, сотқа 58 қылмыстық іс жолданды", - деді Тұрғымбаев.

Министрдң айтуынша, мұндай қылмыстар көп жағдайда ұйымдасқан және трансұлттық сипатқа ие.

"Сондықтан ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментін құру жоспарланып отыр. Оның ішінде адам саудасына қарсы күрес басқармасы болады", - деді ішкі істер министрі.

Президент тапсырмасы

Айта кетейік, Қазақстан президенті 2020 жылдың 22 қазанында өткен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында адам саудасына байланысты қылмыстардың алдын алу және анықтау бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

"Адам құқығын қорғау – біз тұрақты түрде жұмыс істеуіміз қажет күн тәртібіндегі мәселе. Бұл адам саудасына қарсы күреске де қатысты. Осыған байланысты бізде шешімін таппаған мәселе көп. Жағдай қиын деп айтуға болады", - деді Тоқаев ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Сондай-ақ, президент осы мәселеге байланысты халықаралық рейтингтер мен адам саудасы туралы баяндамаларда Қазақстанның жаман жағынан аталып жатқанын айтып өтті.

Жаңалықтар
0