Экономика

Тоқаев Ұлттық банкке қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуді тапсырды

© Sputnik / Владислав ВодневАкорда ночью
Акорда ночью - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сәрсенбіде Ақордада Ұлттық банк және Жоғарғы сот төрағасымен кездесті

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысына биылғы 10 айдың ішінде ақша-несие саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы және төлем балансының жағдайы бойынша 9 айдың қорытындысы, сондай-ақ, ұлттық төлем жүйесін дамыту жұмысының барысы туралы баяндалды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев үкіметке "Жұмыспен қамтудың жол картасын" ұзартуды тапсырды 

Президентке Ұлттық банктің қаражаты есебінен қаржыландырылатын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жайында есеп берілді.

Мемлекет басшысы кездесу соңында қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

Тоқаев сот төрелігі жүйесінің басты басымдығын атады

Мемлекет басшысы сондай-ақ Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады.

Қазақстан президентіне сот жүйесіне әкімшілік әділет механизмін енгізу барысы жайында мәлімет берілді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа судьяларды іріктеу жүйесін жақсартуға, сот практикасының бірізділігін қамтамасыз етуге және сот ісін жүргізу сапасын арттыруға бағытталған ұсыныстар жөнінде айтылды.

Жақып Асанов биылғы жылдың 30 қазан күні онлайн форматта өткен Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің жоғарғы сот төрағаларының 15-ші кеңесінің қорытындылары туралы мәлімет берді.

Президент қылмыстық процесте айыптаушы мен қорғаушы тараптар арасында нақты жарыссөзді қамтамасыз ету мәселесіне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың, кәсіпкерлер мен инвесторлардың сотқа деген сенімін арттыру сот төрелігі жүйесінің басты басымдығы екенін ерекше атап өтті.

Жаңалықтар
0