Әлем

Польшадағы наразылық акциялары: көрші елдегі жағдай қайталанып жатыр ма?

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуАкция против запрета абортов в Варшаве
Акция против запрета абортов в Варшаве - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Польшада жасанды түсікке тыйым салу туралы заңға қарсы ауқымды наразылық акциялары жалғасып жатыр

Беларусьтегі сайлаудан кейін барлық деңгейдегі поляк басшылары көрші елдегі "бейбіт наразылық акцияларын" толығымен қолдау, "бостандық үшін қаһармандықпен күресіп жатқан Беларусьтегі әйелдерді қорғау" және оларға моральдық және қаржылық көмек көрсету қажеттілігі жайында айтты. "Беларусьтік сценарий" Польшаның өзінде жүзеге асырыла бастаған кезде, сол ұлттық лидерлер өздерінің "бейбіт ереуілдеушілерін" қатты айыптаған еді, деп жазады РИА Новости.

Варшава - Sputnik Қазақстан
Әлем
Польша Қазақстанмен әуе қатынасын қайта қалпына келтіретін болды
Бұған қарсылық білдіруге болар еді: себебі, Минск пен Варшавадағы наразылықтар оған қатысушылар мотивациясының айырмашылығына қарамастан ұқсас. Алайда, Польша тарихындағы ең ауқымды әйелдер митингісін ұйымдастырушылар өздерінің беларусьтік әріптестері қолданған технологиялардың көшірмесін жасап жатқанын және оның жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында өте белсенді насихатталатындығын ескеру қажет. Мысалы, осы жексенбіде елді дүр сілкіндірген әйелдер ереуілдерінің бейресми көшбасшылары беларусьтік оппозиционер Светлана Тихановскаяның үйлестіру кеңесіне ұқсас консультативтік кеңес құрғанын рәсімдеді. Поляк наразылықтарының жетекшісі Марта Лемпарт Минск оқиғаларының моделін негізге алғанын ашық түрде мәлімдеді: "Біз Беларуське қарап, іс-қимылдарды үйлестіру қаншалықты маңызды екенін көреміз".

Бұл митингілердің түпкі мақсаты да сәйкес келеді: ол үкіметті сөзсіз өз орнынан кетіру. Тихановская мен Лемпарт құрған ресми органдар, өз сөздерімен айтқанда, "билікті бейбіт жолмен беруге" ғана ықпал етуі қажет, басқа ештеңе емес.

Осылайша, ресми Варшаваның белсенді қатысуымен поляк баспасөзінде беларусьтік оқиғалардың дәріптелуі поляктардың бұл оқиғаларды көшіре бастауына алып келді. Жуырдағы ереуіл акцияларында мынандай плакаттардың пайда болуы кездейсоқ емес: "Олар бізді көтерілістерді романтикаландыруға тәрбиеледі, бірақ кейін біздің наразылық білдіріп жатқанымызға таң-тамаша болды".

Дегенмен, Минск пен Варшавадағы ұқсас процестер туралы айтқанда поляк шенеуніктерінің риторикасы күрт өзгеріп кетеді. Мысалы, бір-екі апта бұрын премьер-министр Матеуш Моравецкий Беларуське төңкерісті экспорттау қажеттілігі туралы жазып, тіпті "беларусь әйелдерінің батылдығы мен ерлігін бейнелейтін" суреттер байқауын жариялаған еді. Өткен жұмада Варшава көшелеріндегі жаппай митинг кезінде осы шығармашылық туындылардың бірнешеуін поляк әйелдердің қолданғаны жасырын емес. Көпшілік акция барысында көрнекі үгіт-насихат жүргізудің "ақылды шешім" екенін айрықша атап өтті.

Президент Александр Лукашенко во время визита в Нур-Султан - Sputnik Қазақстан
Әлем
Ескертусіз инаугурация өтті: Лукашенко Беларусь президенті қызметіне кірісті
Бірақ премьер-министрдің бастамасымен ұйымдастырылған митингтен бірнеше күн өткеннен кейін премьер-министрдің өзі поляктардың наразылық ереуілдері тәсілдерінің дұрыс емес екенін ашу-ызамен жазды, ол бұл әрекеттерді "тағылық және заңсыздық" деп атады, сондай-ақ, құқық қорғау органдарын ереуілдеушілерге қарсы әрекет етуге белсенді түрде шақырды.

Поляк билігі наразылық білдірушілерге қатысты қатаң шараларды күрделі эпидемиологиялық жағдаймен түсіндіріп отыр. Жергілікті мемлекеттік телеарналар пандемия кезінде адамдардың көп шоғырлануы өзгелердің денсаулығына қаншалықты зиян тигізетіні туралы жаңалықтарды таратты. 

Бұл елдегі БАҚ беларусьтік "белсенділер" тарапынан арандатушылықтарды байқамауға тырысты. Бірақ мемлекеттік телевизия өздеріндегі наразылыққа қатысушыларды "поляк құндылығына шабуыл жасаушы солшыл фашистер" деп айыптаудан тартынбай отыр.

Варшавада поляк ақшасымен жұмыс істейтін (өздері мойындағандай) Минск акцияларының дирижерлері олардың өз терезесінің сыртында өтіп жатқан жаппай митингілерді елемей отырғанын атап өту қажет. Nexta Telegram-канал мен Варшава ресми түрде қаржыландыратын сайттар тек Беларусьтегі қалыптасқан жағдайды насихаттауға бағытталғанына келіспеуге болар еді. Алайда, Nexta-ның жақында Бішкектегі соңғы оқиғаларды, Ресейде Беларуське ешқандай қатысы жоқ кішігірім акцияларды қалай белсенді түрде таратқанын ұмытпаған жөн. 

Айтпақшы, Беларусьтегі наразылықтың бастамашысы Светлана Тихановская поляк әйелдеріне дұрыс көзқарас танытып отырған жоқ. Ереуілші әйелдер оны бірнеше рет қолдады, бірақ ол поляк азаматшалардың өз құқықтары үшін күрес жүргізуге сөзбен немесе емеурінімен тілектестік білдірмеді. Nexta да, Беларусь оппозициясы да ресми Варшаваны сынауға жай ғана емеурін танытқан күннің өзінде негізгі қаржылық ағынды жоғалтып алатынын біледі. 

Президент Беларуси Александр Лукашенко - Sputnik Қазақстан
Әлем
Еуропа Одағы Лукашенконы Беларусь президенті ретінде мойындаудан бас тартты
Литва мемлекеті де бұл оқиғаларға дәл осылай реакция танытып отыр. Мысалы, елдің сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс Минскідегі наразылыққа қатысушыларды қолдайтын мәлімдемелерін үнемі жариялап отырудан жалықпайды. Оның үстіне, ол үнемі беларусь әйелдерінің айрықша батылдығына қатысты таңданысын байқатып келеді. Бірақ министр Варшава әйелдеріне және олардың іс-әрекеттеріне қолдау танытатын бірде-бір сөз таба алмағаны қызық. Әлде, поляк көршісінің тағдыры Литваны аз алаңдата ма?

Беларусьтің ісіне тікелей араласып отырғанын жасырмайтын Польша қалайша "сыртқы ықпал" іздей бастағанын және бұл туралы дабыл қағып отырғанын сырттай бақылау өте әсерлі. Ярослав Качиньский оларды "орыс тыңшылары" деп атады. Саясаттанушы Матеуш Пискорскидің пікірінше, поляк фермерлерінің әрекеттері мен өткен аптада наразылық танытқан әйелдердің әрекеттерінде сәйкестік бар. Ал оларда Мәскеу қолының ізі бар, деп есептейді саясаттанушы. Яғни, егер фермерлер Ресейге қарсы санкцияларды алып тастауға шақырса, демек, бұл да олардың "Кремль тыңшылары" екенін білдіреді екен. Мұндай әрекеттер орыстардың ізіне түсуге бағытталған жаңа бастама сияқты көрінеді. 

"Бейбітшілік" деп аталатын нәзік қайықты шайқау, ең алдымен, оны шайқайтындарға кері әсер етеді. Майдан вирусы, тәртіпсіздіктер, зорлық-зомбылық коронавирустан кем емес жылдамдықпен таралады. Ал бұл бірінші кезекте, осының басы-қасында тұрғандар, көрші мемлекеттердің ішінде арандатушылық туғызып отырғандар үшін дұрыс болмауы мүмкін.

Жаңалықтар
0