Әлем

Instagram пайғамбарды келемеждегендерге жауап берген басылым жазбасын өшіріп тастады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шешен басылымы Charlie Hebdo сатиралық журналына қатысты келемеж сурет жариялады. Ол жерде журналды исламофобия үшін мазақ етіп, террористермен ынтымақтастық жасады деп айыптады. Instagram ол суретте "зорлық-зомбылық" белгісі бар деп бағалады

АЛМАТЫ, 4 қараша – Sputnik. Instagram Шешенстанның "Вести республики" газетінде жарияланған келемеж суретті өшірді. Ол Францияның сатиралық Charlie Hebdo журналына жауап ретінде жарияланған болатын, деп хабарлайды РИА Новости Шешенстанның ақпарат және баспасөз министрі Ахмед Дудаевқа сілтеме жасап.

Келемеж суреттің бірінде Charlie Hebdo журналының Құранға у шашып тұрғаны көрініс береді. Ал екінші суретте "жалған" және "исламофобия" жазуы бар журнал ИГИЛ-мен қол алысып тұрғаны атыс-шабыс түрінде бейнеленген.

"Француз журналына қарағанда газет өзінің келемеж суреті арқылы ешкімнің ұлттық және діни сенімін қорлаған жоқ. Біздің газет Батыс әлемі құптайтын сөз бостандығы негізінде француз журналының "шығармашылығына" өзінің кәсіби көзқарасын көрсетті. Сонымен қатар Instagram әкімшілігі газеттің ол жазбасын өшіріп тастады. Олар өздерінің бұл әрекетін контент мазмұнында "зомбылық немесе қауіпті ұйымдар" бойынша қайшылық ұғымы бар деп түсіндірді", – делінген министрдің мәлімдемесінде.

Ахмед Дудаев "кей басылым миллиардаған адамның сенімін қорлай алады" деген қос стандарт жайлы айтты. Министр әлеуметтік желі әкімшілігі мұсылмандардың сезімін қорлаған карикатураларды француз журналының аккаунтынан алып тастау қажет деп санамағанын атап өтті.

Дау тудырған карикатураға қатысты ҚМДБ ұстанымы қандай

Бұған дейін Франция президенті Эммануэль Макрон Мұхаммед пайғамбарға қатысты жарияланған келемеж суреттен кейін мұсылмандардың наразылығын түсінсе де, ең алдымен сөз бостандығын қорғау керек екенін айтқан болатын.

Сондай-ақ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Charlie Hebdo журналында жарияланған Мұхаммед пайғамбардың карикатурасына қатысты мәлімдеме жасады.

"Мұсылмандар өз діні мен пайғамбарын қорлауға жол бермейді. Себебі, пайғамбарға иман келтірумен қатар оны қорғау да мұсылманның міндеті болып табылады. Осы жағдайға байланысты, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өзінің келіспеушілігін білдіреді және мұсылмандарды түрлі арандатушылық әрекеттерге берілмей, барлық амалдың шариғат әрі заң шеңберінде шешілуі тиіс екендігін жеткізеді", – деп атап өтті ҚМДБ.

Оқи отырыңыз: Трамп Франция президентінің қайызғағын қағып берді

Мүфтият еліміздегі дін өкілдері мен қарапайым халықтың кейбір саяси күштер мен түрлі радикалдық топтардың құрбаны болып кетпеуін қалайды.

Жаңалықтар
0