Қоғам

COVID-19: Денсаулық сақтау министрлігі науқастардың саны өскен өңірлерді атады

© Sputnik / Тимур БатыршинВ инфекционном отделении лежат больные со средней формой коронавируса
В инфекционном отделении лежат больные со средней формой коронавируса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Вице-министр Ажар Ғиният өткен аптамен салыстырғанда инфекцияны жұқтыру көрсеткіші 2,6 есе өскенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі екі аптаның ішінде коронавирус жұқтырған науқастардың саны өскенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр Ажар Ғинияттың айтуынша, өткен аптамен салыстырғанда инфекцияны жұқтыру көрсеткіші 2,6 есе өскен. 

"Бүгінде Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Алматы, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының әкімдері, сондай-ақ, Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкенттің әкімдері күшейтілген шаралар қабылдады", - деді Ғиният орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында індетке екінші рет шалдыққан науқас тіркелді 

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері Қазақстанда 113 741 адам   коронавирус жұқтырды. Індет салдарынан 1 867 науқас қайтыс болды. Бұдан бөлек, 1 тамыздан бастап 38 281 адамға ковидтік пневмония диагнозы қойылды. Одан 405 науқас қайтыс болды.

Жаңалықтар
0