Қоғам

Коронавирус пен пневмония құрбандарының саны жарияланды 

© Sputnik / Владислав ВодневВрач в защитном костюме в больнице с коронавирусом в Нур-Султане
Врач в защитном костюме в больнице с коронавирусом в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус диагнозы 113 309 адамда расталды. 1 тамыздан бері ковидтік пневмония 38 012 адамда анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі бір тәуліктің ішінде коронавирус пен ковидтік пневмонияға шалдыққан науқастардың санын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми мәліметке сәйкес, республика бойынша коронавирус диагнозы 449 адамда тіркелді.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 732 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 344 бала бар. Стационарларда 2 482 науқас жатыр. Ал 2 250 адам амбулаторлық жағдайда ем қабылдап жүр", - дейді мамандар. 

Ауруханада жатқан 161 науқастың жағдайы нашар. Соның ішінде 19 адамның жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. 

Жалпы, пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирус диагнозы 113 309 адамда ресми түрде тіркелді. 1 861 науқас қайтыс болды. Бір тәуліктің ішінде 4 адам көз жұмды.

Ковидтік пневмония

1 тамыздан Қазақстанда ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткен, бірақ коронавирустың анық белгілері бар науқастар да тіркеуге алынады. Содан бері ковидтік пневмониямен 38 012 адам анықталды. Барлығы 404 науқас қайтыс болды. 

Ал бір тәуліктің ішінде осы диагнозбен 9 адам ауруханаға түсті. 2 науқас қайтыс болды.

Жаңалықтар
0