Әлем

Венадағы теракт: белгісіз адамдар бірнеше шабуыл жасады – видео

© AFP 2024 / ROLAND SCHLAGERПолиция на месте теракта в Вене
Полиция на месте теракта в Вене  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Террористік шабуыл салдарынан екі адам көз жұмды. Он бес адам ауруханаға жеткізіліп, ауыр жараланған жеті адамға медициналық көмек көрсетілді

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша – Sputnik. Террористер Венаның бірнеше аумағында сериялы атыс шабуылын ұйымдастырды. Соңғы мәліметтер бойынша, ​​оқиға салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті билік лаңкестер жергілікті Синагогаға да шабуыл жасалғанын мәлімдеді. 

​Жараланғандар арасында полиция қызметкері де бар. Он бес адам ауруханаға жеткізіліп, ауыр жарақат алған жеті адамға медициналық көмек көрсетілді. 

​Австрия канцлері Себастьян Курц бұл оқиғаны теракт деп атады.

Бір қылмыскердің өлтірілгені белгілі болды.

Бүкіл Австрияда, соның ішінде шекарада қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Сонымен қатар, Австрия ұлттық кеңесі мен парламенттің сейсенбідегі отырысы кейінге қалдырылып, мектептерде де сабақ тоқтатылды.

Айта кетейік, бұл соңғы бір апта ішінде Еуропада жасалған алғашқы теракт емес. Өткен бейсенбіде Францияның Ницца қаласындағы шіркеуге қылмыскерлер шабуылдап, төрт мерт болды. Ал екі апта бұрын француз мұғалімі сатиралық Charlie Hebdo журналы жариялаған Мұхаммед пайғамбардың жанжалды карикатурасын сабақ үстінде көрсеткені үшін өлтірілген.

Оқи отырыңыз: ҚМДБ Мұхаммед пайғамбарды келемеждеген суретке қатысты мәлімдеме жасады

Осыдан кейін Франция президенті Эммануэль Макронның сөз бостандығы діни нанымнан жоғары тұратындығы туралы мәлімдемесінен соң, мұсылман әлемінде наразылық толқыны күшейе түсті.

Жаңалықтар
0